ҚР Парлемент Мәжіліс депутаттары Түпқарағанға іссапармен келді

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауын насихаттау мақсатында іссапармен Түпқараған ауданына келді деп хабарлайды Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жаңа жыл бастауы қарсаңында халық тұрмысымен танысу, елмен кездесіп, ұсыныс-тілектер тыңдау мақсатында келген халық қалаулыларының құрамында ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Зәуреш Аманжолова, Геннадий Шиповских, Бақытбек Смағұл, Шавхат Өтемісов, Валихан Қайназаров, Шаймардан Нұрымовтар бар. Депутаттар кездесу барысында әлеуметтік мәселелердің түйткілді тұстарына жауап беріп, 40-қа жуық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін баса айтып өтті. Жастар мен аудан тұрғындарының сұрақтарына кеңірек жауап беріп, ел мен жердің бейбітшілігінің сақталуына бей-жай қарамауға шақырды.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары