АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Ұлы Жеңіске 74 жыл толуына орай, қала әкімі Балғабай Ыбыраев Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерді құттықтап, құрмет көрсетті.
Қалқаман ауылында тұратын 95 жастағы Иван Кондрашов пен 92-ге толған Василий Московченко есімді қарияларды марапаттаудың сәті туды. Василий Московченко Қиыр Шығыста соғысты. "Еңбек Қызыл Ту" орденімен, III дәрежелі "Отан соғысы" орденімен, "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына - 30, 40, 50, 60, 65 жыл" медальдарымен марапатталды. Ал, Иван Кондрашов 1924 жылы 21 маусымда Ресей Федерациясының Волгоград облысында шаруа отбасында дүниеге келген. 1942 жылдан 1945 жылдың мамырына дейін Оңтүстік, 4-ші Украин, 1-ші Украин майдандарында соғысты. 1-ші және 2-ші дәрежелі "Отан соғысы" "Қызыл жұлдыз" ордендерімен, "Кенигсбергті алғаны үшін", "Берлинді алғаны үшін", "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін", т.б. медальдармен марапатталды. Шаһар басшысы Балғабай Жұмағұлұлы соғыста жауынгерлік ерлік көрсетіп, кеуделерін оққа тосқан ардагерлерді Жеңістің 74 жылдығымен құттықтап, мерейтой иелеріне ұзақ ғұмыр, денсаулық, отбасыларына құт-береке тілеп, гүл шоқтарын және себет толы азық-түліктер сыйға тартты. Бұдан соң, қала әкімі жерлесіміз, Кеңес Одағының батыры Иван Суптельдің басына барып, гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Суреттерді түсірген - Е.Жұмаділов.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары