Алғыс алған ел көгерер

Орал қаласының Зашаған кентінде 60 мыңға жуық халық қоныстанғанын ескерсек, бұл аймақта зәулім көпқабатты баспаналар мен емхана, білім және спорттық нысандардың жаңадан бой көтеруін арман еткен азаматтар саны көп. Бүгінге дейін қарапайым тұрғындарды толғандырған мәселелер жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен шешімін тауып келді. Биыл да кент көлемінде халық игілігі үшін жүзеге асырылар оңды істер баршылық.

Қоғам белсендісі, «Құс фабрикасы» ауданының тұрғыны Үзілдік Елеубайқызы жақын маңдағы автокөлік жүргізушілеріне арналған мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында «Ашық әкімдік» алаңының ашылуын жағымды жаңалыққа балайды. Біраз уақыттан бері көкейкесті арыз-шағымдарын жол, қоғамдық көлік, әлеуметтік нысандар салу мәселелерімен байланыстырып келген тұрғын үй иелері мемлекеттік қызметтің сапалы әрі уақытылы көрсетілетініне риза.

Таяуда тұрғындар тілегі қала әкімі Абат Шыныбековтың бастамасымен орындалып, қала іргесіндегі «Құс фабрикасы» ауданына №22 автобус қатынайтыны белгіленіп, қоғамдық көліктермен тасымалдау жолы ретке келтірілді. Жолдың зардабын тартқан көпшіліктің мақсаты орындалған қуанышты хабар басылмай жатып, тұрғындар ұсынысымен аялдамалар тұсына жарық бағандарын орнату ісі де кешіктірілмей жүзеге асырылуда.

Үзілдік Елеубайқызы тұрғындардың ұсыныс-пікіріне құлақ түріп, байыппен шешім шығару, нақты орындауға әрекет жасау – халыққа жасалған сауапты іс екенін айтады. Тұрғындар «Әкім бол, халқыңа жақын бол!» деген даналықты ұстанған Абат Абайұлының іскерлігіне риясыз көңілмен сәттілік серік болуын тілейді.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары