Ұлы қазақ даласында сан ғасырлық жолдан өткен жыраулық мектеп бар еді. Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспанбет, Жиенбет, Бұқар, Ақтамберді, Үмбетей, Қалиса, Сүйінбай сынды жыраулар өмір сүрді. Ауыз әдебиетінің алыбы Жамбыл Жабаев та осы жыраулық мектептің соңғы өкілі десек те болғандай.
Мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш көсемі, халқымыздың біртуар перзенті Әлихан Бөкейхановтың еліміздің өткен тарихындағы атқарған ерлік ісі, қалдырған мұралары – кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Халқының жарқын болашағы, елінің азаттығы жолында аянбай қызмет еткен Әлиханның тарихтағы алар орны ерекше. Қазақ тарихындағы ұлт басына төнген нәубет, зобалаң жылдарда жеке мүддеден ұлт мүддесін артық қойып, елінің тәуелсіздігі жолына өмірін арнаған Алаш арысының тарихи ерлігі мәңгі ұмытылмайды.
Ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев бала кезінен қиыншылық көріп өссе де, мойымай, өлең-жырға әуес болған. Алғашқы өлеңдерін он-он бір жасынан жаза бастаған. Көптеген тақырыптарға қалам тербеген.
Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың жыры – ұрпақ бойына тазалықтың, адамгершіліктің асыл нәрін егетін құнды мұра. Биылғы мерейтой аясында рухани мәні терең шаралар көптеп ұйымдастырылуда. Соның бірі – Шоқай ауылындағы №3 орта мектепте ақынның 90 жылдығына орай ұйымдастырылған әдеби сазды кеш.