Мақаланы қалай дұрыс жазу керек?

Мақаланың құрылымы қандай болу керек?

-         Кіріспе

-         Негізгі бөлімі

-         Қорытынды

Соныме қоса мақала үшін тақырыптың болуы міндетті.

Сапалы мақала жазудың 15 ережесі:

  1. Дұрыс тақырып.
  2. Қызықты кіріспе.
  3. Тақырыптан ауытқымау керек.

Тақырып қызықты, анық және ақпараттық болу керек. Оның негізінде оқырмандар анықтайтын болады, ол бұл мақаладан қандай ақпарат алады, және ол қаншалықты пайдалы болады.

Оқырманды мақаланың  ең басында толық мәнін ашпай, бірақ қызықтырған жөн. Мақаланың басында негізгі мәнін жеткізе отырып, осы арқылы қызығушылықты тудырып, оқырманды мақаланың соңына дейін ұстап тұру.

Мақаланы күрделі және көлемді етемін деп тақырыптан ауытқымаңыз, тақырыпқа сай емес басқа мәселелерді қозғамаңыз.

  1. Негізгі қағидаларды ұстанған жөн.

- қысқалық;

- сауаттылық;

-дәлелділік

  1. Қарапайым сөйлемдермен жазған жөн.

Кейбір кездері техникалық мазмұндағы ғылыми мақалалар болуы мүмкін, сол кездері әрине күрелі сөздер қолданылады.

  1.   Мәтінді азат жолдарға бөлген жөн.

Оқуға ыңғайлы болу үшін бір азат жолда 5-10 сөйлемнен жазсаңыз дұрыс болады.

  1.  Жоспар бойынша жұмыс істеңіз.
  1. Барлығы рет ретімен болу керек.
  2. Қарапайым сөз тіркестерді  және жаргондарды қолдаңбаңыз.

Сұрақты қарастырғанда жүйені қолднған жөн, осы ретте жоспар көмек болады. Дәлелдеуіңіз және  нақты деректерді  келтіруіңіз керек. Жалпылылық пен белгісіздіктен аулақ болыңыз.

Егер мақсатты аудитория мен мақаланың стилі талап етпесе.

  1. Дұрыс сөз және стиль.

Тавтологиядан, қайталауднудан, плеоназмадан және тағы да басқа сөйлеу кезіндегі қателіктерден бас тартақан жөн.

11.  Мәні соңына дейін түсініксіз сөздерді қолданбағаныңыз жөн.

12. «Не, не болмаса, яки, немесе» сияқты жалғаулық шылауларды сөйлемнің басында көп қолдаңбаңыз.

13. ТЕК ҚАНА БІЗДЕ!!!

Назар аударту мақсатында ешқашан жоғарғы регистрмен жазбаңыз – бұл жаман әдет, оның орына қолайлы құралдарды қолданыңыз.  Артық тыныс белгілерін қоймаңыз. Бұл сіздің сөздік қорыңыздың аз екендігін көрсетеді. Мысалы, осыны мынаған ұқсатуға болады, пікірталаста өз ойын дұрыс жеткізе алмайтын адам дауыс көтере бастайды, осы арқылы өзінің айтқан сөздері дұрыс екендігін дәлелдеу мақсатында.

14.  Мәтінді аяқтағаннан кейін міндетті түрде бастан аяғына дейін тексеріп шығып, бүкіл қате кеткен жерлерді  түзетіп алуды ұмытпаңыз.

 15. Соңында дәлелі жоқ пікірлерді жазбаңыз, қорытынды шығарғанда оны дәлелдеу керек.