Жақсы репортер болудың қыр-сырлары

Репортердің негізгі мақсаты – барлығын білу, хабардар болу. Репортерлерді әскерге де теңеуге болар. Өйткені олар тәуекелге барады, қауіпті аймақтарда алдыңғы шептен табылады. Егер репортерлер болмаса, осы іспен кім айналысады? Редактор?  Адамдардың түсінігі бойынша репортер жақсы жаза білуі керек. Әрине, ол жаза білуі керек, бұл оның бір ғана қыры және негізгі емес. Репортердің негізгі қыры оқиғаның шындыққа ең жақын нұсқасына қол жеткізу. Демек, жақсы репортер болу үшін, керекті маңызды ақпаратқа қол жеткізіп және де оны өз деңгейінде жазу. Сонымен қоса репортерге сай бола алатын мінез болған жөн.

Кезінде, ХІХ ғасырда репортерге қалам мен жазу кітапшалары жеткілікті болған еді. Бірақ бүгінгі заманда ол жеткіліксіз екендігі баршаға аян. Ендеше, бүгінгі репортерге қажет нәрселерге тоқталсақ. Біріншіден, ол жазу кітапшалары. Репортерге екі жазу кітапшасы қажет. Біріншісі – шағын, бір нәрсен жазуға керек болатын кезде қалтаңыздан немесе сөмкеңізден тез табылатындай. Екіншісі – үлкені, офисте отырған кезде телефон арқылы болған сұхбаттарды жазу үшін. Кітапша үлкен болғаны жақсы. Өйткені жазған кезде басқа парақты ашып уақыт кетірмей, керек нәрсенін барлығын бір бетте жазатындай. Кітапшаны бастағанда датасын жазуды ұмытпаңыз, және де оны аяқтағаннан кейін, лақтырып тастамаңыз, бұл кітапша кейін сізге керек болып кетуі мүмкін. Екіншіден, стенография. Егер сіз, адам сөйлеп жатқанда оның сөздерін жазып алуға үлгермесеңіз, сізге стенография нағыз көмекші болады. Кейбір кездері магнитафон сынып қалады, оның батареялары  бітіп қалады, сонымен қоса  тағы басқа да әртүрлі оқиғалар орын алуы мүмкін. Көптеген адамдар сіз магнитафонмен отырғанда өздерін ыңғайсыз сезінеді. Сонымен қатар сіз бір сұрақты адамға бірнеше рет қойғанда ол шаршай бастайды. Репортерлер  біледі, көбінесе сұрақты қайтадан қоюдан бас татруға мәжбүрсін,  нәтижесінде сұхбат толыққанды болып шықпайды.  Стенографияны жаттауға еш қиындық тудырмайды, осының арқасында өмір бойы жақсы қабілеттін иесі боласыз. Үшіншіден, диктофон. Диктофондар көбінесе екі жағдайда керек болады: сұхбаттасыңмен әңгімелесу кезінде, және тиісті техникалық жабдықталған жағдайда- телефон әңгімесін жазу кезінде, бұл, кейін сұхбаттасқан адам сөзінен бас тартса, дәлел бола алатын. Бірақ диктофонмен сұхбат алған кезде де жазу кітапшаңызды ұмытпаңыз. Әр түрлі техникалық қиындықтар туындап қалуы мүмкін. Төртіншіден, фотоаппарат. Кейбір репортерлер өз кәсіби миссиясын ешқашан фотоаппаратты қолға алмай орындайды. Бірақ бүкіл әлемде газеттерде репортерден әдетте фотосурет күтеді. Фотоаппаратпен жұмыс істеу сіз үшін кәсіби плюс болады. Әрбір журналист білуі тиіс, қандай фотосурет жақсы шықты және оны қалай жақсы істеуге болатынын, өйткені фотосурет-газеттің маңызды бөлігі. Бесіншіден, компьютерлік сауаттылық. Бүгінгі күнді компьютерсіз елестету мүмкін емес екендігі баршамызға мәлім. Қазіргі таңда компьютерді журналисттің ең жақын досы деп айтсақ қателеспейміз деп ойлаймын.

Бұл тізіп өтілген қажетті нәрселер өте репортер үшін маңызды болып табылады.  Кәсіби маман болу үшін осы қырлар болу керек. Және де, бұнымен тоқтамай әрқашан ізденіп, өздігінен білім алған жөн.