Отандық телеарналардағы қазақ тілді тікелей эфир хабарлары

Тікелей эфир-телевидение хабарларының ішіндегі жүгі ауыр хабардың бірі. Бұл жерде жүргізушінің кескін-келбеті ғана емес, ой-өрісі, дүниетанымы, сауаттылығы сынға түседі. Әрине, тікелей эфир хабарларын тек біржақты қарауға болмайды. Барлық бұқаралық ақпарат құралдарының ішіндегі ең кенжесі телевидение саласы әлі көп зерттеуді қажет етеді. Осы диплом жұмысын жазу барысында қазақ тілінде тікелей эфир хабары қай кезде пайда болды деген сауалға жауап іздедік. Қазақ телевиденисеі 1958 жылдың көктемінен бастап алғаш хабарларын таратады. Техникалық мүмкіндікке қарай сол заманның хабарларының барлығы тікелей эфир арқылы жұртшылыққа жетті. Ал монтаж телевидение саласына сәл кешірек келді. Екі адамның сұхбатына құрылған бағдарламалар, көңілді ойын-сауық хабарларының барлығы тікелей эфирде жүрді. Бірақ интерактивті байланыс болмаған. Оған себеп, цензура екені даусыз. Сол кездің өзінде футболдан тікелей трансляция болған. Бірақ футбол тікелей эфирде болғанымен, репортажбен хабардың арасы жер мен көктей. Репортер көз алдында болып жатқан оқиғаларды баяндап беріп отырады, егер футбол болса, оның алдында команда құрамындағы ойыншылардың аты-жөні, өзге де мәліметтері жазылған қағаз жатады. Ол жерден біз репортердің түрін көрмейміз немесе сауал қоя алмаймыз. Тікелей эфирдегі спорт хабарының өзі өте көп зерттеуді талап ететін сала. Сондықтан, біз осы  эфирде өтетін отандық телеарналардағы «Оян, қазақ», «Дода», «Бетпе-бет», «Таң жарық», «Кеш жарық»  сынды пішіні бір болғанымен, бағыттары бөлек бағдарламаларға тоқталуды жөн көрдік. Негізінде аудиторияның психологиялық жағынан эфирге бейімделуі тәулік аясындағы уақыт мезгілдеріне де байланысты болып келеді. Әлбете, ең әуелі таңертеңгілік эфирге тән ерекшеліктерге тоқталамыз. Теледидардағы таң - ең маңызды мезгіл. Өйткені таң қалай басталса, күн солай өтеді. Ауа толқынындағы таңертеңгілік топтама негізінен 7:00- ден немесе 7:30- дан басталып, 9:00- ге дейін немесе 10:00- ге дейін созылады. Таңертеңгілік эфир адамның өмір ағысын, жүрек қағысын, тіршілік тынысын бейнелумен ерекшеленеді. Әдетте, адам теледидардағы үн ырғағымен оянады, ертеңгілік жаттығу жұмыстарын да сол арнада өтіп жатқан жаттығулармен бірге жасайды. Тіпті теледидар арқылы түрлі ас мәзірін жасауды үйренеді. Егер түсінбей жатқан жері болса, қоңырау шалып, кеңес сұрайды. Түрлі пайдалы кеңестер алады.  Міне, тікелей эфир құдіреті осы. Қазақ елін «Оян, қазақ» деп ұлттық аспабымыз домбыраның үнімен оятатын бұл хабар қазір көпшілік көрерменнің үйінде таңертеңгі 7:30 дан 9:00- ге дейін қосылып тұрады. Хабар зерліліктен - зерделікке, кемелдіктен-парасаттылыққа, ұғынықтылықтан-ойлылыққа, ойлампаздықтан-алымдылыққа ұласқанталантты теледидардың бағын ашты.

«Оян, қазақ»! Тақырып қалай сәтті табылған. Әрі өмірге құштар, әлі де елең-алаңдағы жастар редакциясының гүл жарған жүректерінен шығып, балаң аудиторияға бет түзеген ақжолтай хабар. Сәтті табылған тақырыпқа орай мазмұнды әңгіме, су шайқалмас жорғаның аузымен экранда тоқтаусыз төгіліп жатса, хабар ажары ашыла айшықтанып,  студиядағы қонақтар да, бөлшектен тұтастыққа айналып, одан бүтін бітім пайда болған шақты көру бір ғанибет. Әсіресе «Ұйқыашар» деген атқа ие болған көрермен ойналатын интерактивті сұрақ-жауап танымдық тұрғыдан алғанда халыққа берер пайдасы зор. Бағдарлама аясындағы «Үздік әндер» топтамасы да қазіргі қазақ эстрадасының шоқтығын көтеріп, хабардың көркін аша түскен. «Үздік» шыққан әннің орындаушысын қонаққа шақырылып, оларға көрермендер тарапынан қойылатын жанды сұрақтарда «Оян, қазақты» өзге хабарлардан көшілгері бастап келеді. Хабар барысында беріліп отыратын қысқа метражды сюжеттер мен оларға жүргіушілер жасайтын қысқа қайырмалар да көрермендерді жалықтырмайды. Тікелей эфир жүргізушісі өзге жүргізушілерден қарағанда анағұрлым көп стресс алады. Соны ескерген ұжым аптаның бес күнінде  шығатын үш ағаттық эфирге  түрлі жұп даярлайды.