Телевизиядағы кері байланыс процесі

Телевизияның адамзат баласының бір-бірімен негізгі қатынас құралдарының біріне айналғанына да жарты ғасырдан астам уақыт өтті. Осы мерзім аралығында оның теориясы мен тәжірибесі, атқаратын функциясы, қоғамдағы қызметі жайлы жан-жақты, толымды зерттеулер жүргізілуде. Алайда теледидардағы «кері байланыс» процесі туралы ғалымдар әлі де бір тоқтамға келе алмай келеді. Оған себеп, кері байланыс процесінің уақыт өткен сайын аудитория мен студия арасын түрлі қырынан жақындастыра түсуінде болып отыр. Зерттеуші Ю.А. Щерковин «ақпараттық маңызға ие, хабарлар процесі мен «белгіні сезім арқылы қабылдау» - деген анықтама береді.

Бүгінде БАҚ-тың ішінде көпшілік қатынасында маңызды рөлді телевидение атқарады. Егер телевидениені программаның жиынтығы ретінде қарасақ, онда талдау жасайтын негізгі зат телевизиялық хабарламаның спецификалық құрылым болып табылады. Ондай жағдайда зерттеуші әрекетке мәтіннің қатыстылығын зерттеуін семантика проблемасына, не болмаса мәтіннің ішкі элементтеріне айтарлықтай қатысы бар синтактикаға көңіл аударыд. Егер телевидениені көпшілік ақпарат тарату предметі процесі түрінде қарастырсақ, онда талдау предметі хабарламаны жіберуші мен аудитория арасындағы қатынасқа негізделеді. К. Шенон, техникалық байланыс арнасының өткізу мүмкіндігін зерттеген кезеңде, ол басты бес компонентті айқындайды: «қайнар көз, таратқыш, сигнал, қабылдағыш, адресат, әрі ақпаратты таратуға әсер ету факторы ретінде бөгеуілді (шуды) атап көрсетті». Мысалы, мұнда телеграмманы жіберуші қайнар көздің хабарлаушысы, телеграфист-таратқыш, (кодировщик) байланыстың бірінші жағындағы және қабылдағыш (декоровщик) байланыстың екінші жағындағы, ал телеграмманы алушы – адресат рөлін атқарушы болып айқындалады.

БАҚ жүйесіндегі кері байланыс процесі аудиториямен түсіністік байланыс орнатудың бірден бір тиімді жол болып табылады. Кибернетикадан БАҚ-қа келген «кері байланыс» ұғымы бүгінде көпшілік-ақпарат өндірісінің тәжірибесінде ұйымдастырудағы орталық элементтердің біріне айналды. Ол, жалпы көріністе өмір сүру элементінің жүйесі және пайда болу механизмінің белгісі ретінде, өзін-өзі реттеу теу мен ішкі үйлестірудің икемсізделуінсіз өз мәнін жояды. Көпшілік қатынасында кері байланыс, белгіге жауап ретінде – аудитория реакциясын білу немесе халық пен БАҚ арасындағы байланысты жандандырушы рөлін атқарады. Бұл реакция жайлы білу тек іскерлік қатынаста ғана жемісті емес, ол эмоциональды-психологиялық жағдайда да керек. Кез келген шығармашылық натура өзінде сезім мен ойдың қарсылық әрекетін туындатады. Хабар жасау мен тарату және оны аудиторияның қабылдауы кезінде әрі оған әсер ететін қандай да бір жағдайлардың бәрінде де басқару процесі бар. Алайда, барлық басқару элементтерінде аса бір қажеттілік, ол кері байланыс процесі болып табылады. Сондықтан, коммуникатор өзінің қызметінде үнемі аудиторияның реакциясын және әрбір хабарламаны соның ыңғайына сай етіп жасауды әрдайым есепке алғаны орынды болар еді. Басқару қашанда ақпаратты тарату арқылы жүзеге асады. Ал, ол хабар әрбір студияға таратылуы үшін, коммуникатор кодировкалауды жасап, содан кейін ғана аудитория алынған мәтінді кодировка жасайды. Осы жерде маңызды бір сұрақ туындайды. Ол көпшілік ақпаратты хабарлау кезінде қай фактордың пайда болған шуылға әсер ететіндігі. Егер таза техникалық жағдайды есепке алмасақ, онда коммуникатор мен реципиентке әсер ететін қандай да бір параметрлермен байланысты факторларды ескеруіміз керек. Ақпарат кодировкасына көпшілігінде әсер ететін, әрі хабарлау кезінде мәнге ие болатын: а) сенім, бағалалықтан хабардар болу, қондырғы; б) хаардарлық (білім), шеберлік (ақылдылық), шығармашылық машық; в) қажеттілік, қызығушылық себепкер екендігі келіп шығады.  

Біз телевизия индустриясы үлкен қарқынмен өсіп жатқан шақта өмір сүріп жатырмыз. Кабельді және спутниктік телеарналар көбеюде, апта сайын әр түрлі жаңа ток-шоулардың куәсі боламыз. Тиісінше, қоғамдағы түрлі әлеуметтік топ өкілдері сол телехабарлардың кейіпкерлері, срапшы қонақтары немесе жай ғана көрермендері ретінде телевизия әлеміне келіп, кетіп жатады. Сіз, мүмкін, оқытушы немесе кітап авторы, экономист әлде дәрігерсіз. Алайда ол маңызды емес. Өйткені кез келген мамандық иесі бір күн емес,  бір күнде күтпеген жерден қандай да бір телехабарға қонақ ретінде шақырылкы мүмкін. Сіздің телевизиядан сұхбат беруге алғаш баруыңыз да ықтимал. Енді не істейсіз? Адам болған соң қобалжу, «мені миллиондаған аудитория көреді-ау» деген қорқыныш сезім пайда болады. Біз сіздерге телевизияға шығар сәтте, бағдарламаға қатысып, сұхбат берген кезде, өзіңізді қалай ұстау қажеттігі жайлы кеңес бере кетуді жөн санадық:

Бірінші кеңес. Егер сіз қандай да бір телебағдарламаға қатысу жөнінде шешім қабылдасаңыз, оған бармас бұрын, әңгіменің не жөнінде, қай бағытта және қандай формада өрбитінін біліп алыңыз. Керек мәліметті бағдарлама жүргізушісі, не редакторынан білуге болады. Бұл әдіс сіздің алдын-ала кәсіби және психологиялық тұрғыдан  сұхбатқа тастүйін дайын болып баруыңызға көмектеседі.

Екінші кеңес. Сонымен, сіз эфирге 15 минут қалғанда, көрікті киініп, жақсы дайындалып, телестудияға келдіңіз делік. Енді не істеу керек? Алдымен хабарды жүргізетін адамның сіздің аты-жөніңіз бен жұмыс істейтін мекеменің атын дұрыс жазып, атайтындығына көз жеткізіңіз. Қажет болса, сіз жайлы барлық мәліметтер көрсетілген қағазшаны да қосып беріңіз. Ол ешқашан артықтық етпейді. Эфирге шықпас бұрын, грим жасату мен шашыңызды ретке келтіру мәселесін де ұмытпағайсыз. Еліміздің ірі-ірі телеарналардың барлығында дерлік стилист мамандар бар. Алайда, «өзімнің төл стилисім жасаған имиджбен эфирге шығамын» десеңіз де болады. Ол үшін студияға келмей тұрып, жеке уақыт табуыңыз керек.

Үшінші кеңес. Сұхбатқа шығар алдында жүргізушіге көтерер мәселеңіздің негізгі тұстары туралы әңгімелеп беріңіз. Ол қойған сауалдарға толық жауап беріп, жүргізушінің мүмкіндігінше тақырыпқа енуіне жол ашыңыз.  Аталған тәсіл диалогтың мәнді әрі сіз ойлағандай өрбуіне себепкер болады. Эфир кезіндегі сұрақтарды мұқият тыңдап, оларды өзіңізге берілген керемет мүмкіндік ретінде қабылдаңыз. Егер жауабын білмесеңіз «білмеймін» деп айтудың еш сөкеттігі жоқ. Қолдан келгенше, сұхбат барысында есте қаларлық пікірлер айтуға тырысыңыз. Есіңізде болсын. Түсірілім жүріп жатқан кезде – ежіктеп, тоқтап қалуға, олыңыздғаы қалам немесе кітапшамен ойнауға, сақалыңызды сипауға, сондай-ақ галстугыңызды түзей беруге тыйым салынады.

Төртінші кеңес. Бейнекамерадан ешқашан қорықпаңыз. Оған сіз өптен бері араласып жүрген, сүйікті досыңыз ретінде тіке қараңыз. Телережиссер сізге көңіл-күйіңізді көтеріңіз деген ескерту жасауы ықтимал. Олай болып жатса, бар күш-жігеріңізді салып, жиналып, «эфирлік көңіл-күйге» енуге талпыныңыз. Бұл қасиетті күнделікті айнаның алдында тұрып-ақ қалыптастыруға болады. Бет-әлпетіңіз бен қолыңызды жиі қозғалтып, қимылдата берудің қажеті жоқ. Керек кезде қолыңызды әрі-бері қимылдатқанмен де ол иегіңіз бен кеудеңіздің аралығынан аспауы тиіс. Ешқашанда эфирде бетіңізді ұстауға, көзілдірігіңізді түзетуге болмайды. Кез келген іс-қимылдың эфирден құбылмалы көрінетіндігін білгеніңіз жөн.

Бесінші кеңес.Телевизияда киімнің алар орны айрықша. Сол себептен де, телевизияда киімге қатысты қатып қалған бірнеше қағида бар. Ол: камера алдында ешқашанда толығымен қара немесе ақ түсті киім киіп шығуға қатаң тыйым салынады. Өйткені бейнекамераның ашық немесе тым қою қара түстерді өзгертіп беретін қасиеті бар. Неге осы екі түске телекамера қас деген  сұрақ туады. Себебі, қара түс назарды адамның тек басы мен бетіне ғана аударса, ақ түсті киім киген адамның бет-әлпеті денесімен үйлесіп, түсініксіз көрініске айналып кетеді. Қара түстер жарықты жұтып, көріністі кішірейтіп жіберетін болса, ақшыл түстер керісінше жарықты шағылыстырып, нысанды үлкейтіп көрсетеді. Жалпы алғанда, мамандар телевизия үшін түстер спектрының ортасына жақын болып табылатын көк, сұр және қоңырқай түсті киімдерді киюді ұсынады.