Журналистік этика

Журналистің кәсіби ерекшелігі оған көптеген әлеуметтік жауапкершілікті  жүктейді. Этика – деген адамгершілік келбетті айқындайтын моральді тәртіпті талап ететін ғылым салаларының мінез – құлқы мен олардың сана – сезім ерекшеліктерімен, қоғамдағы ережелері, формалары, заңдары, талаптары орындау өзгешелігімен, сондай – ақ қоғам пікірімен айқындалады.Журналистік этика қазіргі кездегі журналистік мамандықды игерген әрбір азаматқа өзіндік кәсіби талап – тілектерді қояды. Журналистік этика ұғымын 2 мағынасы бар:  Журналистік этика тар мағынасында – журналистің адамгершілігі, ізеттігі, инабаттылығы т.б. қасиеттерімен айқындалады. Журналистік этика  кең мағынада – журналистің шыншылдық және обьективтілік принциптеріне тікелей байланысты, яғни ж.э нормаларын сақтау делінген – шындық фактілерді жазу, ақиқар өмір құбылысын бейнелеу, өтірік, дәлелсіз өсекке, жала жабу шындық фактілерді бұрмалап жазуға жол бермеу болып саналады.  Журналистік қызметтің көптеген жағдайда көрініс тауып отырады. Мысалы, журналист пен аудитория арасындағы байланысты журналист информация көздерін пайдалануда, шығарманың кейіпкерімен тілдескенде материалдың авторын, редакторын, ұжым мүшелерін, әріптестерімен қарым-қатынасын түсіндіруде журналистік этика нормалары сақталуы қажет. БАҚ туралы заңда журналистік этиканың мәселелері сөз және баспасөз бостандығы арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ 32-бапта Біз және БАҚ туралы заңды бұзғандығы үшін жауапкершілік белгіленген. Сөз бостандығы теріс пайдалану шындыққа сай келген жеке азаматтың немесе ұйымдардың ар-ожданы мен қадір-қасиетіне кір келтірген мәліметтер тарату Ақпарат құралы сотқа ықпал етуі ҚР заңына сәйкес қылмыстық немесе өзге жауапкершілікке әкеп соқтырады. 42-бабында: моральдік заңдарда былай делінген: БАҚ азаматтарының ар-ожданы; қадіріне кір келтірген шындыққа сай келмеген немесе мүліктік емес нұқсан келтірген мәліметтер тарату азаматтарға келтірген моральдік зиянды сол шешім бойынша БАҚ және кінәлі лауызымды адамдар өтейді.

Журналистік этиканы  бұзбау мақсатында ақиқат дерек жинау үшін:

1. Факт жинаудың ашық түрі.

2. Информациялық байланысқа түсудің жабық түрі.

Журналистика этикасын айтпас бұрын этиканың өзіне тоқталып өтейік. Этика – грек тілінен енген термин сөз. Мағынасы – салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жол-жорағы, ырым, үрдіс. Зерттеу объектісі – мораль қазақша баламалары әбептілік, инабаттылық, имандылық, адамгершілік, ізгілік, сыпаылық. Ал осы журналистің кәсіби моральдық, этикалық принциптері деген қалай талданады. Ол үшін а) халықтығы, ә) бұқаралығы, б) шыншылдық, объективтілік. Яғни, журналистің жеке басының этикасы жалпы принципінен туындайды екен. Принцип – латын сөзі – негіз, қағида, ереже немесе бір нәрсенің бастауы. Журналист өз ұжымына, өз басылымына адал қызмет етуі тиіс. Журналист өз сөзіне, өз ой-пікіріне жауапкершілікпен қараумен қатар халықтың да ой-пікіріне жауапкершілікпен қарау керек. Журналистің алдында әрдайым аудитория үшін не істеу керек? Бұл шығармам аудиторияға қажет пе? Олардың арман-мүддесін қолдаймын ба? делінген этикалық сұрақтар тұру керек. Факт мәліметтері көп, ақиқат шындығы әбден жеріне жете зерттеліп, жан-жақты ойластырылған материалды ғана аудиторияға ұсынуды толық моральдік этикалық құқы бар. Егер материалдың фактісіне күдігі, күмәні болса, онда журналист ол материалды кейінге қалдыруы тиіс. Журналист біреуді қаралап та, өтірік мақтап, мадақтап та жазуға құқы жоқ. Ондай жағдайда журналист аудитория алдында жауапты. Объектілерді зерттеу, адамдармен әңгімелесу барысында болмашы елеусіз, дөрікіліктен шындық ашылмай қалуы мүмкін, журналист мұндай жағдайда дөрекілік туғызбауға тырысуы қажет. Этика тұрғысынан объектілерді зерттеудің факт, мәлімет жинаудың екі түрі бар: ашық және жасырын т. зерттеу. Материалдан, деректерден ашық түрде жинау тәсілінде – журналист белгілі органдарға барып, шаруасын ашық айтуы тиіс. Көптеген жағдайда шындық ашылмай жатады. Ондайда журналист олардың тілін тауып алған мәлімет, деректерге басымен жауап беретіндерге сөз арасында әдеппен еске алуы тиіс. Ал объекті зерттеудің жасырын түрі немесе құпия түрін адамдар білмейді. Мұндайда журналист такси айдаушы, сатушы, жол серіктері болуы мүмкін. Бірақ, қандай жағдайда әдеп, этикадан озбауы керек. Мәлімет алу барысында журналист шындыққа көзі жетпейінше, ішкі қарсылығында мәселеге қосылатын, қосылмайтынын да білдіруі тиіс. Қандай жағдай болмасын, кіммен сөйлеспесін журналист алдында отырған адамның кей жағдайда салт-дәстүрін ескеріп, жеке басының кемшілігін көзге шұқымай, керісінше оны мұқият тыңдауға, дауыс көтермеуге, денсаулық жағдайын ескеру керек. Әдепті журналист (мысалы мен сияқты) мәлімет алу барысында адамдарды қалдырмау үшін қай жерде, қандай уақытта әңгімелескеніміз дұрыс болады деп олардың өзімен ақылдасады. Қажет болған жағдайда уақыт белгілейді. Оған дейін ойын жинақтайды, көтерер мәселесәне толықтай дайындалады. Адамдардың ішкі істеріне араласу да журналисттік әдепке жат. Жасырын тексеру барысында журналист өзін қалай ұстау керек, мұның да өз әдеп, нормасы бар. Журналист алынған мәліметтің барлығы да материалда тексеріледі, қамтылады деп уәде беруін беріп, кейін ойланып қалуы мүмкін. Ондай жағдайда уәдесін жұтпау үшін, адам, жер, су атауларын өзгертіп, фактілерді толық қамтуға болады.  Журналист біреудің сілтеуімен, біреудің иек қағыуымен жазбай, өз жүрегінің қалауымен өз көзімен көрген нәрсесін жазу керек. Кім туралы жазса да журналист мақалын кейіпкеріне көрсетіп алғаны абзал. Цитат (дәйекті сөз) – қа өте қатты мұқият болған жөн. Журналист көңілшек бломауы тиіс. Әрбір материал жазу барысында өз т мамандығына құллай беріліп, адал жұмыс істеуі керек. Хабарға ойдан ештеңе қоспау керек. Жинаған материалын көбінесе құпия ұстауы керек.